Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі туралы
Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі ғимараты 1979 жылы құрылды. Бүгінде мектепте 334 оқушы білім алуда, олар 23 класс компектке бөлінген. 47 мұғалім жұмыс жасайды. Мектеп жанында шағын орталық бар, онда 41 бүлдіршін, мектепалды даярлық тобында 45 бүлдіршін тәрбиеленуде.
Мектеп 2009, 2010, 2011 жылдары облыстық педагогикалық жетістіктердің конкурс-марафонының қорытындысы бойынша «Облыстың ең үздік жалпы білім беретін мектебі» деп танылып, облыс әкімінің 1 млн. теңге грантының иегері атанды. 2012 жылы «Жалпы білім беретін үздік мекеме» атанып, республика көлемінде төрт миллион алты жүз елу мың теңге грантына ие болды.
Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебінің 2011 жылы АҚШ Бейбітшілік Корпусымен бірлескен жұмыс нәтижесінде халықаралық «USAID» қорынан құны төрт мың АҚШ доллары болатын мақсатты білім грантына кітапхана қоры әдеби кітаптармен толықтырылды, спорттық инвентарлар алынды.
Оқушыларымызға берілген сапалы білімнің нәтижесінде жылдан-жылға пән олимпиадаларынан, ғылыми жоба жарыстарынан облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде жеңімпаздарымыз көбеюде. Үздік, дарынды оқушыларды, білікті педагогтарды дәріптейтін республикалық «Дарынды балалар - Қазахстанның болашағы» энциклопедиясына дарынды шәкірттердің, үздік ұстаздардың есімдері енгізілген.
2012 – 2013 оқу жылының қорытындысы бойынша аудан мектептері арасындағы «Ауыспалы кубокты» жеңіп алып, аудан әкімі С.Т. Шаңғұтов сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі жетістіктері үшін мектепке су жаңа ВАЗ – 2114 маркалы автокөлік сыйға тартты.
2011жылы Ақкемер орта мектебі базасында инновациялық жоба – ресурстық орталық ашылды. Ресурстық орталыққа үш магниттік мектептер Елек НМ, Жарық НМ, Көтібар батыр НМ тартылды. Тірек мектебінде жылына 3 рет магниттік мектеп оқушыларына сессия ұйымдастырылады.
Мектеп базасында жаңа заманға сай жабдықталған физика, информатика, мультимедия, химия және биология кабинеттері бар.
Осы күнге дейінгі жүргізілген жүйелі жұмыстың нәтижесінде 2015 жылы алғаш ұйымдастырылған республикалық «Үздік ресурстық орталық» конкурсында облыстан бас жүлдені жеңіп, республикадан 3 жүлделі орынды иеленді. 2018 жылы облыстан бас жүлде, республикадан 2-орынды иеленді.
2019-2020 оқу жылы ,2020-2021 оқу жылы Мұғалжар аудандық білім бөлімінің білім беру мекемелерінің арасындағы атқарылған оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі бойынша 2-орынды иеленді.
Тіркелген мекен-жайы |
Қазақстан Республикасы Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ақкемер а.о. Ақкемер ауылы Тама Есет батыр Көкіұлы №35 үй |
Ашылған уақыты |
1979 ж |
Мектеп директоры |
Тулегенова Шандоз Ильясовна |
Мектеп территориясының жалпы аумағы |
га |
Мектеп ғимаратының аумағы |
3565,8кв. м |
Нысанның қызмет түрі |
Жалпы білім беру ұйымы |
Қолданыстағы инфрақұрылым |
Мектеп типтік 3-қабаттан тұратын мекемеде орналасқан. Мектепте жалпы 17 оқу кабинеті бар. Жабдықталған арнайы оқу кабинеттері: 1 физика кабинеті, 1 химия кабинеті, 1 биология, 1 информатика кабинеті бар. Сонымен қатар мектепте 1 спорт залы, 1 гимнастика залы және акт залы, кітапхана бар. Алғашқы әскери дайындық пәніне арналған 1 оқу кабинеті бар. Мектеп асханасы 60 орындық. Акт залы –80 орындық. |
Оқушы саны |
Барлығы –334 оқушы Қазақ класында – 325 оқушы 1-ауысымда – 219 2-ауысымда – 115 Класс комлекті саны – 23 1-4 кластар – 9 5-9 кластар – 11 10-11 кластар – 3 |
Мұғалімдер саны |
Мұғалім саны- 47 Жоғары білімді – 35 Арнаулы орта білімді –12 Жоғары санатты – 2 Бірінші санатты – 5 Екінші санатты – 3 Педагог-зерттеуші – 7 Педагог-сарапшы – 6 Педагог-модератор – 6 Санатсыз – 18 |