Аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу мақсатында “Даналық мектебі “ клубының «Ата,әке өсиеті» секциясы аясында “Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиынға ауылымыздың ақсақалдары Битикей ата,Марат ата және Сәли ата қатысып, оқушыларға өсиет айтып, батасын берді. Дөңгелек үстел барысында оқушылармен балғамен шеге қағу, 4-8 қамшы өрім түрлерін өру бойынша әкелермен шебер класс өтті.