17 Тамыз 2023
Бос орындар

Педагогтің бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

 

"Ақтөбе облысының білім басқармасы

Мұғалжар  аудандық білім бөлімі" ММ

«Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

  

Педагогтің уақытша бос лауазымына қабылдау туралы  ХАБАРЛАНДЫРУ.

 

 "Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі" ММ «Ақкемер жалпы білім беретін»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі математика пәні қазақ (25 сағат) және орыс кластары (10 сағат), орыс тілі пәні қазақ (32 сағат) және орыс кластары (10 сағат), бастауыш класс мұғалімі орыс класы (16 сағат ) бойынша   бос  педагогтың орнына  тұрақты жұмыс мерзіміне, шағын орталық тәрбиешісі (1 бірлік) бойынша уақытша жұмыс мерзіміне қабылдауға конкурс жариялайды.

Мекеме атауы:      "Ақтөбе облысының білім басқармасы, Мұғалжар аудандық білім бөлімі" ММ-нің Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

                        Білім беру ұйымының орналасқан жері:  Ақтөбе облысы,  Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылы, Есет Көкіұлы көшесі, 35

Эл.поштасы:           Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Телефон номері:     8 71 333 3 91 71;   8 778 805 98 17

Негізгі фунционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген  уақытша бос лауазымның атауы:

             Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022ж. №121) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3- тарау 7-параграф, 64 тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері:

            Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім.
  • және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде біліктілік санаттары: «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер».  

Еңбек ақы мөлшері: 150 000 -180000 (жүз елу мың – жүз сексен мың) теңге

Бос орын атауы:   математика пәні мұғалімі, орыс тілі пәні мұғалімі, бастауыш класс мұғалімі, шағын орталық тәрбиешісі

            Жұмыс мерзімі:  тұрақты, уақытша

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 16 тамыз – 25 тамыз 2023 жыл.( хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі)

Қажетті құжаттар:   

  • осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  • кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  • педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  • "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
  • психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  • наркологиялық ұйымнан анықтама;
  • Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  • 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Құжаттарды тапсыратын орын: Ақтөбе облысы  Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылы Есет Көкіұлы көшесі, 35

Қабылдау бөлмесі.

Хабарландыру мектептің интернет-ресурсында және  әлеуметтік желілердің ресми аккаунттарында жарияланды:  www.enbek.kz;

 

 

 

Мектеп әкімшілігі           

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар