"Ақтөбе облысының білім басқармасы
Мұғалжар аудандық білім бөлімі" ММ
«Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Педагогтің бос лауазымына қабылдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ.
"Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар аудандық білім бөлімі" ММ «Ақкемер жалпы білім беретін» коммуналдық мемлекеттік мекемесі орыс сыныптарындағы бастауыш сынып мұғаліміне тұрақты бос лауазымдық орынға, (16 сағат) жұмыс мерзіміне қабылдауға конкурс жариялайды.
Мекеме атауы: "Ақтөбе облысының білім басқармасы, Мұғалжар аудандық білім бөлімі" ММ-нің Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Білім беру ұйымының орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылы, Есет Көкіұлы көшесі, 35
Эл.поштасы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Телефон номері: 8 71 333 3 91 71; 8 778 805 98 17
Негізгі фунционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген уақытша бос лауазымның атауы:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен (өзгерісі 31.03.2022ж. №121) бекітілген Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларының 3- тарау 7-параграф, 64 тармақ барлық мамандықтардың пән мұғалімдеріне қойылатын талаптарымен лауазымдық міндеттері:
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім.
- біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде біліктілік санаттары: «педагог», «педагог-модератор», «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер».
Еңбек ақы мөлшері: 120 000 -150 000 (жүз жиырма мың – жүз елу мың) теңге
Бос орын атауы: орыс сыныптарындағы бастауыш сынып мұғалімі
Жұмыс мерзімі: тұрақты
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19 қыркүйек – 19 қазан 2023 жыл.( хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі)