«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Аккемирская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы 26 бұйрығына (ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 ж. 250 бұйрығымен өзгерістер енгізілді) сәйкес:
🧑🦱Ер балалар үшін;
1.Қою көк түсті костюм шалбар
2. Ақ көйлек, қою көк түс галстук
3. Ақ футболка (еш жазу, суретсіз), қара, қою көк түс спорттық киім
👩Қыз балалар үшін;
1. Ақ блузка
2. Қою көк түс жакет
3. Юбка қою көк түс, фасоны шотландка, ұзындығы тізеден сәл төмен болуы (10 см.кем емес) етегінде екі ақ жолақ болуы міндетті;
4. Ақ бантик
5. Ақ футболка (еш сурет, жазусыз) және қара, не қою көк түс спорттық киім
Мектеп 1979 жылы ашылған. Жалпы ауданы – 3565,8 ш/м. Мектеп ғимараты 350 орынға арналған. Оқу зертханаларының, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқыту құралдарының болуы туралы мәліметтер мектептің оқу ғимаратында оқу процесіне қажетті жағдайлар жасалған.
Ағымдағы жөндеулер бойынша мәлімет: ішкі жұмыстар (әктеу, сылау, сырлау жұмыстары) едендер мен қабатаралық аражабындарды жұмыстарына 222 242,40 және шатырды және жабынды жөндеу жұмыстарына 30676582,03 теңге жұмсалды.
Мектепте мұғалімнің жұмыс аймағы (оқушылардың оқу үстелдерін орналастыру), оқу-көрнекі құралдарды орналастыруға арналған шкафтар, химия, биология, физика, SТЕМ кабинеттерінде мұғалімдердің демонстрациялық орындары бар. Оқу орындары үй-жайдың мақсатына қарай , электр энергиясы, кәріз жүйелерімен жабдықталған.
Техникалық төлқұжат бойынша үй - жайлар, бөлмелер саны-30.
Мектеп оқу кабинеттері қажетті оқу-дидактикалық кешендермен жабдықталған. Компьютерлік технологиялар басқаруда және оқытуда қолданылады. 15 кабинет интерактивті тақтамен жабдықталған.
Шеберханалардың, зертханалардың жабдықтары нормативтік құжаттарға сәйкес қабылданды. Жиһаздың дизайны, оның өлшемдері, орналастыру ережелері санитарлық нормалар мен ережелерге, сондай-ақ ГОСТ 1106-93 сәйкес келеді.
Физика зертханасы-31,9 кв/м; Химия зертханасы-33,0 кв/м; Биология зертханасы-33,0кв/м; АӘДТ кабинетінің қару жарақ қоятын қоймасы-17,0 м2 ;
-ғимаратта № ҚР ДСМ-76 бұйрыққа сәйкес санитариялық тораптардың (унитаздар, қол жуғыштар) болуы. Мектеп типтік 1979 жылы ашылған.1-ші қабатта су ішу үшін фонтан орнатылған. 4- унитаз, 8-қол жуғыштар, 4- кіру –шығу жолдары бар екендігі анықталды.
Мектеп бойынша 32 бейне камералары орнатылған .Оның ішінде :
Ішкі бейне камера -19шт
Сыртқы бейне камера – 12
Бетті тану мүмкіндігі бар бейне камера -1
«Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Аккемирская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»