«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Аккемирская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
15-ші желтоқсан күні оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, Атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт - бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта
тәрбиелеу. Өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.,Тәуелсіздік бастауы - ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру мақсатында “Ұрпақ тәрбиесіне жүйелі көзқарас” тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешіне Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Мадиева Салтанат Сагинтаевна, мәдениет саласының ардагері Абилгазина Гүлнұр апай, тәуелсіздік құрдастары Байжанова Жансұлу,Кожина Қымбат,Солтаева Айғаным қатысты
Аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға , ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету мақсатында құрылған "Даналық мектебі" клубының «Әже ,ана даналығы» секциясы аясында Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебінде "Бүгінгі қыз, ертеңгі келін, болашақ ана" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға ауылымыздың әжелері мен аналары шақыртылды. Қыз балаларға ұршық иіру, тоқыма тоқу, текемет тігу, бауырсақ пісіру әдістерін көрсетіп, үзіліс кезіңде оқушыларға ыссы бауырсақ таратылды.
Қыз балаларымызды осындай салт- дәстүрімізді үнемі ұстануға шақырып, әжелеріміз бен аналарымызға кейінгі ұрпақтың қазақ қыздарына сай өсіп- жетілуіне себепкер болғаны үшін алғысын білдірді.
Аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу мақсатында “Даналық мектебі “ клубының «Ата,әке өсиеті» секциясы аясында “Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиынға ауылымыздың ақсақалдары Битикей ата,Марат ата және Сәли ата қатысып, оқушыларға өсиет айтып, батасын берді. Дөңгелек үстел барысында оқушылармен балғамен шеге қағу, 4-8 қамшы өрім түрлерін өру бойынша әкелермен шебер класс өтті.
Ішкі категориялар
«Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Аккемирская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»