Аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға , ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету мақсатында құрылған "Даналық мектебі" клубының «Әже ,ана даналығы» секциясы аясында Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебінде "Бүгінгі қыз, ертеңгі келін, болашақ ана" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Шараға ауылымыздың әжелері мен аналары шақыртылды. Қыз балаларға ұршық иіру, тоқыма тоқу, текемет тігу, бауырсақ пісіру әдістерін көрсетіп, үзіліс кезіңде оқушыларға ыссы бауырсақ таратылды.
Қыз балаларымызды осындай салт- дәстүрімізді үнемі ұстануға шақырып, әжелеріміз бен аналарымызға кейінгі ұрпақтың қазақ қыздарына сай өсіп- жетілуіне себепкер болғаны үшін алғысын білдірді.
«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Аккемирская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
МЕНЮ
"Бүгінгі қыз, ертеңгі келін, болашақ ана"
© 2024 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Аккемирская общеобразовательная средняя школа»
«Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Аккемирская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»